Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада бағаны ұстап тұру үшін өз тиімділігін дәлелдеген бірқатар шаралар қабылдануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда

Атап айтқанда, бірінші қажеттілік тауарларын сатып алу үшін операторларға және сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар беру бойынша «Айналым тетігі» жобасы іске асуда.

«Айналым тетігі» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттарға қол қойылды және күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), бакалея және сүт өнімдері сияқты бағалардың өсуі байқалған бірінші қажеттілік тауарларын тіркелген бағалар бойынша сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар бөлінді.

Өнімдер Magnum Cash & Carry, Small, «Астықжан», «КеңМарт», «Вкусмарт», AQMOL сауда желілерінде, «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» базарларында сатылады.

Сонымен қатар, қалада тұрақтандыру қоры қалыптасқан. Үш жыл ішінде қорға 12 мың тонна өнім сатып алынды. Қорда 4 895,4 мың тонна азық-түлік бар. Елорданың азық-түлік белдеуі аймағына Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.