Қоғам • 13 Мамыр, 2020

ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Telegram каналында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау аяқталғанын хабарлады.

ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.

ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны – 131 471 адам, оның ішінде  111 017 адам – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 адам – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.

ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілді.

Одан бөлек Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.