2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- қонақ үйлерге;
- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;
- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.
2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.
Сонымен қатар, шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.