Әлем • 13 Мамыр, 2020

Xiaomi басшысы неге айфон ұстайды?

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Xiaomi компаниясының фанаттары Лэй Цзюнь мырзаның айфон ұстайтынын біліп қалып, айқай-шу шығаруда деп хабарлайды Gizmochina порталы.

Xiaomi басшысы неге айфон ұстайды?

Сурет: gizmochina.com

Xiaomi бас директоры әлеуметтік желіде жариялаған посты Apple компаниясының гаджетінен жазылғаны көрініп қалған. Қытайдағы Twitter аналогы Weibo әлеуметтік желісінде Лэй Цзюнь тұрақты түрде оқырмандармен тілдесіп отырады екен. Өзінің кезекті постында қандай кітаптар оқу керектігі жайында айтқан қытайлық алпауыт компания басшысының басы пәлеге қалды десе де болады. Ол пост дәл сол мезетте бәсекелес компанияның смартфонынан жазылғаны көрініп қалған.

Мұндай шатақ жағдай бұрындары Samsung компаниясына да қатысты болған еді. Енді міне, қытайлар осындай жағдайды әлеуметтік желіде қатты талқылауда. Өз компаниясының өнімін менсінбеу нағыз барып тұрған сорақылық деген сарында пікірлер де айтылуда.

Бірақ Лэй Цзюньды қорғаушылар да табылып жатыр. Соның бірі танымал аналитик әрі Xiaomi компаниясының инвестициялық әріптесі Пан Цзютан бәсекелес компания өнімінің сапасын мен өзгерістерін тексеру үшін оның гаджетін ұстағанда тұрған ештеңе жоқ дейді. Бұл қайта өз құрылғыларын жетілдіру үшін аса қажет дүние екен.

Бір қызығы Xiaomi негізін салушы адам былтырлары өз қарамағындағы мамандарға басқа компаниялардың гаджеттерін пайдалануға тыйым салған айтқан еді. Енді мынандай оқыс жағдай болып отыр.

Аузы күйген бас директор ендігі посттарын флагмандық смартфон Xiaomi Mi 10 Pro арқылы жазуда.