14 мамырда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 14 мамырда кей жерлерде бұршақ, 14-16 мамырда кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14 мамырда таңертең және күндіз, 15-16 мамырда тәулік бойында күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
14 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтау қ: 14 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%