Экономика • 13 Мамыр, 2020

Президент үндеуі – экономикалық жаңарудың басты кілті

298 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлемді шарлаған індеттің кімді де болмасын бей-жәй қалдырмағаны анық. Көлеңкесі елге түскелі халықты бірлікке шақырып, жан-жақты көмек беріліп індеттен бірге шығу жолында атқарылған істерде аз емес.

Президент үндеуі – экономикалық жаңарудың басты кілті

Соңғы уақытта Маңғыстау облысында да кең етек жайған індеттің сақтық шараларын күшейту әлі де болса жалғасуда. Өзім қызмет ететін YESSENOV UNIVERSITY індет шараларынан бұрын онлайн оқу жүйесіне көшті. Қашықтықтан оқыту негізінде 1500-нан астам білім алушы үшін қашықтықтан оқыту порталы мен білім беру порталы арқылы жүзеге асырылады. Оқыту ақпараттық-коммуникациялық, электрондық, стрим-технологияларды қолдана отырып, әртүрлі онлайн-платформалар (ZOOM, meetng және т.б.) арқылы жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту жағдайында екі ай бойы жоғары оқу орындарына қашықтықтан оқытудың инновациялық технологияларын енгізу бойынша қазақстандық университеттермен жинақталған тәжірибені кеңінен пайдалану, коммуникация, әлемдік білім беру тәжірибелерін іске асыру үшін ашық болу қажеттігін көрсетті. Coursera онлайн платформа жүйесі әлемдік деңгейдегі үздік университеттер мен білім орталықтарының жетекші мамандарының дәрісін тыңдауға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда да оқу жүйесі онлайн форматта өз жұмысын атқарып жатыр. Бүгінгі Президент Қ.К.

Тоқаевтың Үндеуінде дағдарыс жағдайында тұрған еліміздің экономикалық ахуалына өзгеріс керек екенің басты назарға алды. Экономика саласы маманы ретінде бизнесті қолдау және оны дамыту, білім және ғылым жүйесін жетілдіру секілді салаларға ерекше көңіл бөлу керек екені айтылды. Айталық Маңғыстау облысының жалпы аймақтық өнімі (ЖАӨ) 90% мұнай мен газдан құрылған. Өңірдің бюджеттік түсімі осы мұнайдың сатылу қорынан түскендіктен мұнай бағасының күрт түсуі де дағдарыстың қарқынын айтарлықтай сездіріп отыр.

Облысымыз 90% ірі бизнестен, 10% шағын бизнестен тұрады. Егерде керісінше ден қойып, шағын бизнес 90%-ды, ірі бизнес 10% құраcа елдің экономикалық жағдайы тұрақталар еді. Сондықтан мұнай мен газға деген тәуелділікті шағын бизнеске алмастыру. Бұл дегеніміз – өнеркәсіпті әртараптандыру. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, көпшіліктің тұрмыс ахуалын арттыру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл орайда мемлекет тарапынан кәсіппен айналысуға ниетті азаматтарға қолдау да жоғары деңгейде. Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығымен айналысу, жеңіл өнеркәсіпті дамыту қазіргі таңда дағдарыс жағдайында жаңа қадам бастайтын кәсіпкерлік болып отыр. Неғұрлым ауыл шаруашылығына акцент қойсақ, Үкімет тарапынан, «Атамекен» ҰП қолдауымен аймақты дамытатын секторларға  несие ставкасы 2-3% пайызбен берілетін қаржылай көмек және бастапқы жылы салықтан босату туралы мәселелер қолға алынатын болса, бізде шағын бизнестің де рентабельділігі жоғары болатын еді. Нарық жағдайында ең беделдісі жастар бизнесін қолға алсақ.

Жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, білікті мамандарды даярлау сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды. Жастар кәсіпкерлігі ортадағы ең маңызды буын болып табылады. Жастар кәсіпкерлігі 10 жыл өткен соң еліміздің бет-бейнесін анықтайтын болады. Ертеңгі елдің экономикалық өсуі мен даму екпіні бүгінгі жастар бизнесінің дамуына тәуелді.

Осылайша, бүгінгі күні жастар кәсіпкерлігі Қазақстандағы шағын бизнес дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандырушы жағымды жағдай жасау жалпы мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі түрлі бағдарламаларда қарастырылуда. Алайда биыл Жастар жы­лы жарияланғандықтан, жас кәсіпкерлерді қол­ауға өңірде қаншалықты көңіл бөлінуде деген мәселенің де шығатыны рас. Қазақстанның көптеген өңірлерінде жастардың өзекті білім мен дағдыларды меңгеруіне, ақпарат алмасуына, өз идеяларын дайындауына, сарапшылар консультацияларын алуға мүмкіндік беретін алаңдардың дамымағандығын атай кету керек. Нәтижесінде инновациялық идеялар не өмірге келіп үлгермейді, не болмаса жоғары оқу орындары мен ғылыми зертханалар қабырғасынан алысқа кетпей, нарыққа шықпай қалады.

Ендігі кезекте ғылым мен кәсіпкерлік бір арнада тоғысып, жас ғалымдардың жобалары қолдау тауып жатса, кәсіпкерліктің көсегесі көгере беретіні анық. Сонымен қатар жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бағдарламасы жаңартылды. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, көптеген отбасыларға үй алу мүмкіндігі жасалмақ. Карантинге байланысты уақытша жұмыста жоқ азаматтарға несие төлеу мүмкіндігі болмағандықтан үш ай мерзімге кейінге шегеруге өтініш беруге жағдай да жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін қолдау, жеке меншік пен бәсекелестікті қорғау маңызды екені белгілі. Әлем елдері, соның ішінде біздің еліміз үшін пандемия қаупінен басқа, тың қоғам, жаңа бетбұрыс адамзат тарихын жаңа кезеңге жол ашуға мүмкіндік берді. Болашаққа нық қадам басу үшін дәрігер, мұғалім, ақпарат өңдеуші мамандық иелерінің маңызы өте зор екенін сезіндік және қажет екенін мойындадық.

                                                                 

Акжаркын ТАСБОЛАТОВА,

«Экономика» кафедрасы аға оқытушысы.

Ақтау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20