Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан ICCA жылдық есебінде 114 орынға көтерілді

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ICCA рейтингтері халықаралық қауымдастықтардың конгресс және көрме секторы үшін халықаралық кездесулер аренасында бағыттардың қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін өлшеуге мүмкіндік беретін ең ауқымды жаһандық бағдар болып саналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан ICCA жылдық есебінде 114 орынға көтерілді

Бүгін ICCA халықаралық конгресі мен конференциясы қауымдастығы 2019 жылғы есебін жариялады. 2018 жылы 335 орын алған Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы әлемдік рейтингте 221 орынға көтерілді. Өткен жылы Қазақстан астанасында ресми 12 халықаралық бизнес-шара өткені құжат бойынша расталған. Өткізілген іс-шаралардың саны бойынша Нұр-Сұлтан Киев, Қазан және Ереваннан озып, Тбилиси, Баку және Бонн қалаларымен теңесті.  

«Бұл Нұр-Сұлтан үшін әсерлі жетістік,  біздің қаламыздың әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылағанына өте қуаныштымыз.  Әлбетте, мұндай қадам Нұр-Сұлтан қаласы және тұтастай Қазақстанға бизнес-шаралар өткізілетін орын ретіне қызығушылықтың жоғарлауның дәлелі. Мұның бәрі «Астана Конвеншн Бюро» мен оның серіктестері және жергілікті кәсіби қоғамдастықпен бірлесіп, жаңа бастамалары мен мақсатқа бағытталған жұмысының нәтижесі. Біздің бірлескен жұмысымыз нарықтың дамуына, сәйкесінше нәтижені жақсартуға мүмкіндік берді», - деді «Астана Конвеншн бюро» ЖШС директорының орынбасары Хелена Махуас.

ICCA рейтингтері халықаралық қауымдастықтардың конгресс және көрме секторы үшін халықаралық кездесулер аренасында бағыттардың қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін өлшеуге мүмкіндік беретін ең ауқымды жаһандық бағдар болып табылады. 2019 жылы бүкіл әлемде 13 мыңнан астам конгресс және көрме іс-шаралары өтті. Париж 237 іс-шарамен бірінші орын, Лиссабон - екінші, Берлин - үшінші орын алды.

Рейтингте  АҚШ көш бастап тұр: Германия  екінші, Франция – үшінші орында. Қазақстан 2019 жылы 79 орынға көтерілді, бұл тағы бір маңызды жетістік. ICCA статистикалық есептері ICCA қауымдастығының мәліметтер базасына негізделген, бұл сандар қауымдастықтың қатаң іріктеу өлшемдеріне сәйкес келетін халықаралық қауымдастықтар ұйымдастырған жиындар мен іс-шараларды білдіреді. Атап айтқанда ол кемінде 50 адам қатысатыны расталған, кезекпен үш елде өтетін тұрақты ротациялық іс-шаралар болуы тиіс.