Сырқатынан сауығып шыққандардың басым көпшілігі Теміртау қаласынан. 1988 жылғы әйелде, 1965 және 1989 жылдары туған ер адамдарда орташа дәрежедегі коронавирус инфекциясы болған. 1997 жылғы жігітте, 1979, 1983, 1992 жылдары туған әйелдерде және 13 жастағы балада жеңіл түрдегі КВИ анықталған.
Жазылып шыққандардың қатарында Қарағанды қаласының 1958 және 1999 жылдары туған екі тұрғыны бар. Оларға дәрігерлер осыған дейін орташа ауыр дәрежедегі індет диагнозын қойыпты. Ал 26 жастағы қызда жеңіл дәрежедегі КВИ болған.
Сондай-ақ, Абай ауданының 1976 жылғы тұрғыны орта дәрежелі COVID-19 дертімен ауырған.
Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, 12 науқас екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.
Бүгінгі мәліметке сай, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың жалпы саны 111 адамға жетті.
Қарағанды облысы