2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
2020 жылғы 18 мамырдан бастап:
– қонақ үйлерге;
– сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;
– таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Сонымен қатар 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтырып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, діни ғибадат нысандары жұмысқа кіріседі.
2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптары ескеріле отырып, кезең-кезеңмен ішкі темір жол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан бастап сатыла бастайды.
Сонымен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.