Елорда • 14 Мамыр, 2020

Елордада жаңа ойын алаңдары қай жерде салынады?

432 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақын күндері Нұр-Сұлтанда 145 аулаларды абаттандыру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада жаңа ойын алаңдары қай жерде салынады?

Қазақстан астанасында жаз келісімен аулаларды абаттандыру басталады: жаңа ойын алаңдары пайда болады, қолданыстағы ескілері жаңартылады. Тренажерлар, шағын сәулет формалары орнатылады. Аудандық әкімдіктерде жаңа ойын алаңдары қай жерлерде салынатын және қандай абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін айтылды.

Алматы ауданы: Бұл ауданда 387 аула бар. 2020 жылы 33 ауланың аумағын көркейту жоспарланған. Қордай көшесі №75 үй мен К. Әзірбаев көшесіндегі № 10 үйдің аулалары 2020 жылы абаттандыру жұмыстарының жоспарына енгізілді. Қосымша шағын сәулет формалары мен жаттығу құралдарын орнату маусым айында басталады. Айнакөл көшесіндегі №56, 56/1, сондай-ақ Р. Қошқарбаев даңғылы бойындағы №45, 45/1 үйлердің аулаларында кешенді көріктендіру жұмысы жүргізіліп, көлік тұрағы, спорттық және балаларға арналған ойын алаңы салынады. Жөндеу жұмыстарын маусым айында бастау жоспарланған. Ғ.Мұстафин көшесіндегі №15/2 үйдің ауласындағы спорт алаңына биыл ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бұған қоса, Т.Жүргенов көшесіндегі №74 мектептің ауданында гүлзардың құрылысын бастап, оған шағын сәулет формаларын орнатып, жаяу жүргіншілерге арналған жол төсеп, көгалдандыру көзделіп отыр.

Байқоңыр ауданы: Биыл аудандағы «Жастар» шағын ауданы, Абай даңғылы, А.Бараев, Омаров, Отырар және т.б. көшелердің бойындағы 50 ауланы абаттандыру жоспарланған. Жобаға сәйкес балаларға арналған екі орындық әткеншек, серіппелі тербеткіштер, құм салғыш, спорттық жаттығу құралдары, шағын сәулет формаларын орнатылады. Аудан аумағында 235 аула бар, бүгінде оның 67-сін жаңарту қажет. Ағымдағы жылы 67-нің 50 ауласын жөндеу көзделіп отыр.

Есіл ауданы: Ауданда 399 аула бар. Биыл 22-сі абаттандырылып, адамдар үшін қауіпсіз және сертификатталған шағын сәулет формалары орнатылады. Қоғамдық кеңістік аясында бір аумақта және 20 аулада бір ойын алаңын жабдықтау жоспары бар.

Сарыарқа ауданы: Бұл ауданда 540 аула бар. 2020 жылы 40 ауланың аумағын көркейту жоспарланған. Ауданда барлығы 540 балалар алаңы болса, оның 10% жаңарту қажет. Қазіргі күні аудандағы аулаларды абаттандыру қызметін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауын өткізуге дайындық