Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 14 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады.

 

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы төрт қалада – Атырау, Балқаш, Теміртау және Талдықорған қалаларында күтіледі. 

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.