Елорда • 14 Мамыр, 2020

А. Көлгінов Б. Момышұлындағы нөсерлік су кәрізінің құрылысымен танысты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жазда Б. Момышұлы даңғылында су басу мәселесі шешіледі. Даңғылда нөсер канализациясының магистральды коллекторының құрылысы басталды. Елорда әкімі қаланы кешкілік аралау барысында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


А. Көлгінов Б. Момышұлындағы нөсерлік су кәрізінің құрылысымен танысты

«Көлік жүргізушілеріне қозғалыс ішінара шектелді. 15 мамырда жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толығымен жабылады (10 күнге). Құрылыс жұмыстары биыл жазда  аяқталады. Учаскені су басу мәселесі толық шешіледі - «Қайықпен жүретіндей су тасқыны болмайды».

Мемлекет басшысы нөсерлі жаңбыр су жиналуының алдын алу үшін кәріздерді салу жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

«Жастар» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл нөсерлік су канализациясының өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді: бөгетсіз жинауды, жер үсті ағындарын бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді. Тазарту құрылғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының жаңбырлы су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Тазарту құрылғылары жер астында орналасқандықтан, құрылғы үстіндегі аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу, шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағында екі учаскедегі нөсерлік су кәрізінің мәселесі шешілді» делінген хабарламада.