Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Түлектерге аттестат салтанатты жағдайда тапсырылады

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда мектептертердің қызметі қашықтықтан оқыту режимінде жалғасады. Мұғалімдердің жалақылары мен еңбек демалыстарының ақысы уақытылы төленеді.

Маңғыстау: Түлектерге аттестат салтанатты жағдайда тапсырылады

Ол үшін бюджеттен қаржы көлемі қарастырылды, яғни мамыр айына жалақы 3,9 млрд теңге, отпуск 750 млн тг, барлғы 4,7 млрд тг, маусым айына 7,1 млрд тг, жалақы 2,2 млрд тг, отпуск 4,9 млрд тг, деп хабарлады қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев.

Облыстағы 150 мектепте (139 күндізгі, 6 кешкі, 5 жекеменшік) 150 826 оқушы және 12 534 мұғалім 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытылуда. Тек Маңғыстау ауданы Бекі ауылы бастауыш мектебінің 32 оқушысы «ҚазПошта» тасымалымен тапсырма жолдау арқылы оқытылады.

Штаттық режимде жұмыс жасайтын Қарақия ауданы Аққұдық мектебі ауылға жақын орналасқан Сенек ауылы тұрғындарынан короновирус инфекциясы анықталуына байланысты 4 мамырдан бастап қашықтықтан оқытуға ауыстырылды (23 оқушы, 14 мұғалім).

Бөлімді жиынтық бағалау (БЖБ) оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 4-11 мамырда, оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11-15 мамырда өткізілді.

18-22 мамырда 1-10 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ), ал 11 сыныпта бақылау жұмысын өткізіледі.

Биылғы жылы 9 және 11 сыныптарға қорытынды аттестация тапсырмайды. Қорытынды аттестация жылдық бағалармен бағаланады. Биылғы оқу жылында 11 сыныпты 206 оқушы Алтын белгімен (2019 ж. - 159), 326 оқушы Үздік аттестатпен (2019 ж. - 216) бітіреді.

Аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өткізіледі. Бұл мерекенің ерекшелігі – салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Түлектер әдеттегі мектеп формасымен қатысады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауда, тек 11 сынып оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45