Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Қостанайға «Теңізшевройлда» жұмыс істеген 55 мұнайшы келеді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуірде Қостанай қаласына Атырау облысында жұмыс істеген 358 мұнайшы келген еді. Екі жеті ішінде олардың бірнешеуінен COVID-19 вирусы анықталды.

Қостанайға «Теңізшевройлда» жұмыс істеген 55 мұнайшы келеді

«Бүгін Қостанайға тағы 55 мұнайшы келеді. Олардың барлығы «Теңізшевройлда»  вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген Қостанай облысының тұрғындары. Келген бетте аталған азаматтардан індет белгілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында сауалдама алынып, термометрия жүргізілетін болады. Содан соң олар уақытша оқшаулау орындарына, облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі. Ол жерде COVID-19-ға терең зерттеу  жүргізу үшін талдау алынады. Зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен жағдайда, жазбаша қолхат алынып, жұмысшылар 14 күндік инкубациялық кезең аяқталғанға дейін  үй карантиніне жіберіледі. Ал талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен жұмысшылар инфекциялық бөлімге жатқызылады», - деп хабарлады облыстық жедел ақпарат штабы.

 

Қостанай облысы