Технология • 14 Мамыр, 2020

Twitter мен Apple қалай жұмыс істемекші?

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туиттерліктер үйде қала береді. Twitter компаниясының бас директоры Джек Дорси қарамағындағы қызметкерлерге биылғы қыркүйекке дейін үйден жұмыс істей берулерін тапсырды. Тіпті, осы режим ары қарай жалғасуы мүмкін екенін де айтты.

Twitter мен Apple қалай жұмыс істемекші?

Коронавирус тарала бастағанда бұл компания алғашқылардың бірі болып жұмыскерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберген еді. Енді кері үрдіс біртіндеп жүзеге аспақшы. Ол үшін қазіргі қаңырап қалған офистерді біртіндеп жандандыру жоспарда бар. Бірақ биыл бұқаралық сипаттағы іс-шаралар мен іссапарлар болмайды.

Джек Дорсидың пайымдауынша6 үйден отырып жұмыс істеу компания үшін анағұрлым тиімді болған көрінеді. Қашықтан жұмыс істеп жатқан барлық маман өндірістік қажеттілікке керек барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Сондықтан да туиттерліктер офис жалдағаннан көрі, оған кететін қаржыны басқа бағытқа бұрып көрсек деген ниетте. Компания қазіргі жалдап отырған офистерінің жартысын босатуы да мүмкін.

Әпілдіктер керісінше жақын арада офистеріне оралмақшы болып отыр. Apple компаниясының бірқатар қызметкерлері пандемияға қарамастан топтасып жұмыс істейтін режимге оралмақшы.

Әлемнің әр еліндегі жағдайға байланысты қызметкерлер біртіндеп графикпен офистерге қайтарылмақшы. Өйткені кейбір мамандар қашықтан жұмыс істеудің олар үшін тиімді емес екендігін айтқан. Бұл да командалық жұмыстың бір қажеттілігі болар?

Компания басшысы Тим Куктың мәлімдеуінше таңертең жұмысқа келген барлық адамдардың дене қызуы тексерілетін болады және маска тағу мен жақындаспай жұмыс істеу міндеттеледі екен.

Соңғы жаңалықтар