Аталған жұмыс «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің Елім» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Ал, тұрғындар игілігі үшін қолған алынған бұл жобаны «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры іске асырады. Аталған қор жасанды төсеніші бар және қоршалған кіші футбол алаңшасын, тартан төсеніші бар көше тренажерлары және тартан төсеніші бар балалар ойын алаңшасын салып, тұрғындар игілігіне тарту ететін болады.
Жалпы, Тараз қаласындағы «Қаратау» мөлтекауданында барлығы 11800 адам тұратын болса, оның ішінде аулаларына алаңша салынатын үй тұрғындарының саны 1500 адамды құрайды. Сондай-ақ, аталған мөлтекауданда 1592 оқушыға жалпы білім беретін №38 мектеп және 412 студент қамтылған «Тараз-Ғасыр» колледжі орналасқан. Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, құрылыстың нысаналы мақсаты – қала тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс аяқталғаннан кейін аталған кешен аулалардың тұрғындарымен қатар, жалпы мөлтекауданның тұрғындары үшін де тегін негізде қолжетімді болады.
Жамбыл облысы