Кәсіби мамандар жұмыс іздеушілер қатарында да басым. ЭЕБ базасында осы санаттағы қызметкерлер бойынша 26,9 мың түйіндеме орналастырылған. Түйіндеме саны бойынша екінші орында техник мамандар және басқа да қосалқы кәсіби қызметкерлер — 14,6 мың түйіндеме және өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіп мамандары — 9,9 мың түйіндеме.
Сонымен қатар бос орындары санының кәсіби топтар бөлінісінде түйіндемелер санынан көп болуы байқалады. 100 бос жұмыс орнына түйіндеменің ең аз саны қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлерінде – 41, өндірістік құрал-жабдықтар операторларына, құрастырушылар мен жүргізушілерге – 44, фермерлерге, ауыл және орман шаруашылығының жұмысшыларына, балық шаруашылығы мен балық аулауға – 46.
Кәсіби топтар бойынша кәсіби мамандарға ең көп бос жұмыс орындары Нұр-Сұлтанда — 3,7 мың бос жұмыс орны, Қостанай облысында — 3,7 мың бос жұмыс орны, Қарағанды облысында — 3,4 мың бос жұмыс орны орналастырылды.
Кәсіби мамандар Қызылорда облысында — 1,1 мың бос жұмыс орны, Солтүстік Қазақстан облысында — 1,3 мың бос жұмыс орны, Маңғыстау облысында — 1,4 мың бос жұмыс орны көрсеткішімен ең аз сұранысқа ие болды.
Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас қызметтердің жұмысшылары Нұр-Сұлтанда — 3,5 мың бос жұмыс орны, Қостанай облысында — 2,5 мың, Қарағанды облысында — 2,3 мың бос жұмыс орны үлкен сұранысқа ие. Осы санаттағы жұмысшыларға аз сұраныс Қызылорда облысында — 306 бос орын, Маңғыстау облысында — 314 бос орын, Алматы облысында — 356 бос орын тіркелген.
Техник мамандар мен өзге де қосалқы кәсіби қызметкерлер Қостанай облысында — 2,7 мың бос жұмыс орны, Нұр-Сұлтанда — 2,1 мың бос жұмыс орны, Түркістан облысында — 1,7 мың бос жұмыс орны аса сұранысқа ие. Осы кәсіптік санат үшін ең аз бос жұмыс орындарының саны Солтүстік Қазақстан облысында — 479 бос орын, Маңғыстау облысында — 526 бос орын, Қызылорда облысында — 563 бос орын орналастырылды.
Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері Қостанай облысында — 3,7 мың бос орын, Алматыда — 3,1 мың бос орын, Нұр-Сұлтанда — 2,4 мың бос орынмен аса сұранысқа ие. Қызметкерлердің бұл тобына Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сұраныс аз болды, онда әрқайсысында 600-ден аз бос жұмыс орны орналастырылған.
Жұмыс берушілер өндірістік жабдықтар операторлары, жинаушылар мен жүргізушілер үшін ең көп бос жұмыс орындарын Қостанай облысында — 3,5 мың бос жұмыс орнын, Нұр-Сұлтанда — 2,6 мың бос жұмыс орнын орналастырды. Бұл санатқа ең аз сұраныс Маңғыстау облысында — 260 бос орын және Алматы облысында — 358 бос орын орналастырылған.
Түркістан облысында ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау жұмысшылары мен фермерлер үшін 630 бос жұмыс орны орналастырылды, ал қалған өңірлер осы кәсіби топ үшін 100-ден аз бос жұмыс орнын орналастырды.
Басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге ең үлкен сұраныс Нұр-Сұлтанда — 468 бос жұмыс орны, Қарағанды облысында — 343 бос жұмыс орны, Шығыс Қазақстан облысында — 333 бос жұмыс орны, Қостанай облысында — 325 бос жұмыс орны орналастырылған.
Айта кету керек, сұраныс пен ұсыныс еліміздің әр түрлі бөліктерінде жиі кездеседі. Мәселен, өңірлер бөлінісінде кәсіби мамандар түйіндемелерінің ең көп саны Түркістан облысында орналастырылды — 4 мыңға жуық түйіндеме. Мұнда жұмыс іздеушілер — техниктер мен өзге де қосалқы кәсіби қызметкерлер саны көп тіркелген — 2,8 мың түйіндеме.
Алматы облысында қызмет көрсету және сату саласы қызметкерлерінің түйіндемелері көп орналастырылды — 713. Атырау және Маңғыстау облыстарында өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас қызметтер мамандары көп екені белгіленді — тиісінше 1,5 мың және 1,3 мың түйіндеме. Өндірістік жабдықтар операторларының, құрастырушылар мен жүргізушілердің түйіндемелері Атырау облысында көп орналастырылды — 869 түйіндеме.
Орналастырылған түйіндемелер мен кәсіби топтардың құрылымы бойынша жұмыс іздеушілер басшылар мен мемлекеттік қызметшілер бойынша Нұр-Сұлтанда көп орналастырылған — 7%.