Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

«Әскери баспана» – берекелі бағдарлама

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмолада еткен екі жыл ішінде облыс орталығындағы 5510 әскери бөлімінің 56 қызметкері «Әскери баспана» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтермен қамтамасыз етілді. Биыл тағы 48 әскери маман баспаналы болмақ.

«Әскери баспана» – берекелі бағдарлама

Шынтуайтында тапсыруға тиіс құжаттар тізімі де анау айтқандай  көп емес екен. Мұның өзі әскерилердің уақытын үнемдеп, жүйкелеріне үлкен салмақ салмайды.  

–Отбасы мүшелерінің жеке куәліктері мен жұмыстан анықтамасы болса жетіп жатыр,–дейді 5510 әскери бөлімінің батальон командирі Азамат Данияров.

10 жылға жуық пәтер жалдап жүрген отбасы мұндай мүмкіндіктің  бұйырғанына ризашылықтарын білдіруде. Республика бойынша әскери қызметкерлерге соңғы екі жылда 6600 несие берілген болатын. Биыл банк тарапынан тағы 60 миллиард теңге бөлініп отыр. Енді 3300 әскери маман баспанаға ие болады.

–Біздің облысқа 48 адамға лимит берілген. Банк іріктеуді өзі жасайды. Яғни өтінім берген клиенттер ішінен кімнің банкте жинағы көп болса, соны таңдап алады. Және бағдарламаға міндетті түрде мемлекеттен арнайы төлемақы алатын әскери қызметкерлер ғана қатыса алады,–дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы Дәулет Жұман.

Осылайша, мемлекет әскерилерді назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігінше қолдау танытуда.

 

Ақмола облысы