Қоғам • 14 Мамыр, 2020

«42 500 теңге» төлемі бойынша азаматтардың сұрақтарына түсіндірмелер берілді

1010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірмелер берді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«42 500 теңге» төлемі бойынша азаматтардың сұрақтарына түсіндірмелер берілді

13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арналары арқылы Еңбекминіне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына азаматтардан «42 500 теңге» тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті.

Осылайша, 42500@enbek.kz электрондық адресіне 571,1 мың өтініш түсті. Оның ішінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері 241,6 мың өтінішке жауап берді.

42500@gfss.kz  электрондық адресіне 108 мың өтініш түсті. Оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері 76,4 мың өтінішке жауап берді.

Басқа байланыс арналары арқылы МӘСҚ-қа 7,1 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 6,3 мыңына жауаптар берілді.

Еңбекминіне, оның ішінде министрдің блогына, Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына 10,1 мың өтініш келіп түсті, оның 7,1 мыңына жауап берілді.

Сонымен қатар Еңбекминінің қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішке жауап берді.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «1411» әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында «42 500 теңге» төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.