Спорт • 14 Мамыр, 2020

Дзюдо: Ұлттық құрама жаттығуды бастайды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталып, спортшылар жаттығу жұмыстарына дайындалып жатыр.

Дзюдо: Ұлттық құрама жаттығуды бастайды

Дзюдодан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, жаттығу-жиынында барлық санитарлық талап қатаң сақталады.

«Карантиннен кейінгі алғаш рет жаттығу-жиынына кіріскелі отырмыз. Біздің жоспар бойынша, 27 мамыр – 8 маусым аралығында Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында жиналамыз. Одан кейін 17 маусым мен 1 шілде аралығында екінші жаттығу-жиынын өткіземіз. Ұзақ үзілістен кейін құрама екі жиынды қатарынан өткізеді.

Әрине, қазіргі жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық талап қатаң сақталады. Себебі, біз үшін спортшылардың денсаулығы, олардың амандығы бірінші орында», дейді Айдын Смағұлов.