- Апат айтып келмейтіні рас. Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғындары су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болғанын барлығымыз көріп, біліп шалғайда жатсақ та тілекші болып отырмыз. Осы ретте бүкіл ел жұдырықтай жұмылып, Мақтааралға көмек қолын созуда. Елді бірлікке шақыратын мұндай игі шарадан Қостанай облысы да шет қалған жоқ. Отандастарымыз үшін қиын уақытта, әлеуметтік жауапкершілік танытып, қол ұшын созған «Salamat» және «Атамекен-Дос» серіктестіктерінің басшыларына алғысымызды білдіреміз, - деді ұйымдастырушылар.
Қостанай облысы