Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Павлодар облысы: Адамдарға қарсы оқ атуға бұйырған полицей жұмыстан шеттетілді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Қалқаман ауылы маңындағы жылжымалы блок-бекетке ауыл тұрғындары келіп, шикізат - «микросфераны» құжатсыз алып өтуге бола ма деп сұрап, оған рұқсат етілмейтіндігі туралы жауап алады. Нәтижесінде 13 мамырда осыған наразы Береке ауылының 30-ға жуық тұрғыны келеді.

Павлодар облысы: Адамдарға қарсы оқ атуға бұйырған полицей жұмыстан шеттетілді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар «полиция қызметкерлерін ұрып, мүліктеріне зиян келтіреміз» деп қорқытқан, содан кейін бұл арадан кетулерін талап еткен. Бұған жауап ретінде полиция арнайы құралдарды қолданып, ескерту оғын атқан.

«Бұл қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 1-бөлігі, яғни «Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол қызметінен аластатылды», -  деп хабарлады облыстық ПІД-нің баспасөз қызметі.