Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Поезд жолаушылары маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов поездардағы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптарды атады.

Поезд жолаушылары маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті

«1 маусымнан бастап поездар  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, жұмысын қайта бастайды. Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды. Шығарып салушылар жолаушылармен сыртта қоштасуы тиіс. Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын байланыссыз термометрмен тексереді.

«Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі. Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады. Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді. Егер жағдай тұрақталса, бұл шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі», – деді ол.