Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Абай ауданы алда келеді

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл көктемнің ерте шығуына байланысты Абай ауданында дала жұмыстары сәуір айының басында басталып кеткен болатын, деп хабарлады аталған ауданның әкімі Бауыржан Асанов.

Қарағанды облысы: Абай ауданы алда келеді

Төтенше жағдай режімі мен карантиндік шектеулерге қарамастан,  облыс басшылығы тарапынан шұғыл және батыл түрде қабылданған іс-шаралардың арқасында бүгінгі күні егіс науқанының жұмыстары аяқталуға жақын.

Мысалы, аудандағы «Поливное» шаруа қожалығы биылға деп жоспарлаған картобын түгел отырғызып үлгеріпті. Бүгінгі күні қызылша мен сәбіз дәні сіңіріліп жатыр. Маусым айының басында шаруашылық қырыққабат тұқымын отырғызуды бастайды.

111

Сондай ақ «Шанс» шаруа қожалығы да дәнді-дақылдар алқаптарындағы жоспарланған жұмыстарды толығымен аяқтаған. Шаруашылық биыл картопты екі мың гектарға дейінгі алқапқа отырғызуды жоспарлап отыр.

Аудандағы ірі шаруашылықтың бірі – «Астра Агро LTD» ЖШС-і де науқандық жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

123

Биыл Абай ауданында көктемгі дала жұмыстарына деп 2700 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Бұдан бөлек, жергілікті шаруалар алқаптарды суаруға қажетті сумен толыққанды қамтамасыз етілген.

 

 

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар