Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трам Пауэллден тағы бір рет қаржылық реттеушіні теріс мөлшерлемені енгізуге шақырған мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұраған болатын. «Мен бұл саясатты жанкүйерлердің барын білемін, бірақ қазір біз оны зерттеп жатқан жоқпыз. Біз мұны қарастырмаймыз. Теріс мөлшерлемелердің тиімділігі туралы деректер өте аралас», деді ФРЖ басшысы.
Пауэллдің түсіндіруінше, коронавирустық пандемиядан АҚШ–тың экономикасы зардап шекті. «Бұл құлдыраудың ауқымы мен қарқыны қазіргі тарихта болмаған: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары да АҚШ мұндай соққы алып көрмепті. Біз экономикалық белсенділік пен жұмыспен қамтудың күрт төмендеуіне куә болып отырмыз, және соңғы онжылдықта жаңа жұмыс орындарын құруда қол жеткізілген жеңістеріміз жоққа шығарылды», деді ФРЖ өкілі.
Оның айтуынша, АҚШ экономикасының даму болашағы өте белгісіз, одан әрі құлдырау қаупі бар.
«Экономикалық шаралар айтарлықтай маңызды және уақтылы болғанына қарамастан, АҚШ экономикасының болашағы тұманды күйінде қалып тұр: Оның қашан сейілетінін қазір ешкім дөп басып айта алмайды», деді Пауэлл.
Сондай-ақ ФРЖ өкілі қазіргі құлдырау біршама ерекшеленетінін, оны еңсеру үшін күні бүгінге дейін қабылданған шаралар нәтиже бермейтінін, оны күн сайын жетілдіріп отыру қажеттігін айтып өтті.
«Экономиканың өсуіне байланысты қалпына келтіру біраз уақытты алуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе өтімділік проблемалары төлем қабілеттілігінің проблемаларына айналуы мүмкін, Қосымша қаржылық қолдау өте қымбатқа түсуі мүмкін, бірақ бұл болашақта экономикалық залалды болдырмауға көмектеседі» деп сөзін түйіндеді Пауэлл.
Коронавирустық инфекцияның туындауы Орталық Қытайда 2019 жылдың соңында тіркелді және көптеген елдерге таралды.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп таныды. Барлық елдер мен аумақтар терең халықаралық экономикалық дағдарысқа алып келген санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы әртүрлі төтенше шаралар қабылдауға мәжбүр болды.
ХВҚ болжамына сәйкес, биыл әлемдік экономикада 3% құлдырау болады. Федералды және жергілікті билік органдарының ақпараттары негізінде есептеулер жүргізетін Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та 1,37 миллионнан астам коронавирустық инфекция тіркелген, 82,3 мыңнан астам адам қайтыс болған.