Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Теміржол: Қатаң ұстануға тиісті негізгі талаптар

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 маусымнан бастап темір жол жолаушылар тасымалының ашылуына байланысты Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің Қаулысы шығарылды, онда темір жол вокзалдарының басшылығы, темір жол көлігінде қызмет көрсететін тасымалдаушылар мен ұйымдар қатаң ұстануға тиісті негізгі санитарлық-карантиндік шаралар жазылған.

Теміржол: Қатаң ұстануға тиісті негізгі талаптар

Негізгі талаптар:

Вокзал ғимаратына маска және жол жүру билеті болған жағдайда ғана кіруге болады;

Ғимаратқа кірер алдында вокзалдың қауіпсіздік қызметінің мамандары жолаушыларды байланыссыз термометрия арқылы тексереді;


Вокзалдар мен пойыздардың жұмысын қайта бастағанға дейін кондиционерлеу жүйесін тексеру және сүзгілерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуі тиіс;

Жолсеріктер пойыздарда жолаушылардан сауалнама алуы қажет;

Пойыздарда дезинфекциялық режимді күшейту;

Пойыздардың қызметкерлері мен мамандары қорғаныш маскалары мен қолғаптар киюге міндетті;

Жолаушыларға вагоннан вагонға орын ауыстыруға болмайды;

Пойыздарда антисептиктер, дәрілік және зарарсыздандыру заттары молынан болуы қажет.