Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

42 500 теңге бойынша 330 мыңнан аса сұрақ келіп түскен

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оның ведмстволық бағынысты ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірмелер берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

42 500 теңге бойынша 330 мыңнан аса сұрақ келіп түскен

Ағымдағы жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арналары арқылы Еңбек министрлігіне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына азаматтардан «42 500 теңге» тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті.

Осылайша, 42500@enbek.kz электрондық адресіне 571,1 мың өтініш түсті. Оның ішінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері 241,6 мың өтінішке жауап берді.

42500@gfss.kz  электрондық адресіне 108 мың өтініш түсті. Оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері 76,4 мың өтінішке жауап берді.

Басқа байланыс арналары арқылы МӘСҚ-қа 7,1 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 6,3 мыңына жауаптар берілді.

Министрлікке, оның ішінде министрдің блогына, Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына 10,1 мың өтініш келіп түсті, оның 7,1 мыңына жауап берілді.

Сонымен қатар, министррліктің қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішке жауап берді.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «1411» әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында «42 500 теңге» төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді.