Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Мұрат Әйтенов: Алдын ала болжам жасап, қауіптің алдын алуға міндеттісіздер (видео)

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мұрат Әйтенов: Алдын ала болжам жасап, қауіптің алдын алуға міндеттісіздер (видео)

Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар, әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты азаматтарға тиісті шара қолданылатынын мәлім етті.

«Мен бірнәрсені нақты айтайын. Егер жағдай әрі қарай ушықса әкім ретінде қызметіңізден шеттетілесіз. Сіздер алдын ала болжам жасап, қауіптің алдын алуға міндеттісіздер. Транзитті су болғандықтан қаланы баспауы тиіс», - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.