Үйдегі зорлық-зомбылықты әлемдік қоғамдастық шешу және алдын алу бойынша ерекше шараларды талап ететін әлеуметтік проблема ретінде қарастырады. 2020 жылы әйелдерге қатысты 806 түрлі қылмыстық құқық бұзушылық (ұрлық, алаяқтық, тонау және т.б.), отбасы-тұрмыстық салада – 11 факті тіркелген.
Отбасылық қолайсыздықтың, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында павлодарлық полицейлер алдын алу іс-шараларын жиі өткізеді. Бүгінгі таңда жеке алдын алу шараларының бірі қорғау нұсқамасын шығару және соттардың құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қоюы болып табылады. “102” пультіне түсетін барлық шақырулар бойынша құқық бұзушыға қатысты бір ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылады. Жыл басынан бері 2319 қорғау ұйғарымы шығарылды, сонымен қатар 247 ерекше талаптар белгіленді.
Полиция қызметкерлері Nur Otan партиясының өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмі бойынша жадынамалар таратылып, ықтимал құрбандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрбандардың қауіпсіздігі дағдарыс орталықтарында дер кезінде оқшаулаумен қамтамасыз етіледі. Білім беру бөлімдерінің өкілдерімен бірге тұрғылықты жері бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасылармен жұмыс ұйымдастырылды. Егер сіз үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарлаңыз.