Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 15 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады.


Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.