Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Бір отбасында он тәртіп сақшысы бар

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір шаңырақ астында үш полицей тұрады. Атасы, баласы және немересі. Жалпы әулеттен 10 тыныштық күзетшісі шыққан. Бұл отбасында әскери қызмет атадан балаға мирас болып келе жатқандай.

Бір отбасында он тәртіп сақшысы бар

Еламан ақсақал ішкі істер органдарында отыз жылға жуық қызмет еткен екен. Полковник шенінде зейнетке шыққан. Қос ұлы да әке ізін жалғап, құқық қорғау саласына еңбек етуде. Бірі – капитан, екіншісі – майор. Бір қызығы Еламан Нұрланұлының күйеу баласы да полиция қызметкері. Қазір зейнетте.  

– Бәріміз ішкі істер саласында қызмет істедік. Біздің ізімізді бауырларымыз, балаларымыз, қарындастарымыз жалғастырып жатқанына дән ризамыз,- дейді отставкадағы подполковник Ертай Жұмажан.  

Әулеттің немересі – Еділ Ертайұлы да ата жолын қуған. Қалалық полиция басқармасында тергеу бөлімін басқарады. Аға лейтенант. Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдаған.  

– Әкем мен атамның ішкі істер органдарында қызмет етуі менің де бұл салаға келуіме ықпал етті. Олардың өнегесін ұғып, үлгісін алдым,- дейді қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы, аға лейтенант Еділ Жұмажан.

Еділдің нағашы атасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған жауынгер. Артында қалған әулеттен жалпы саны 10 полицей шыққан. Осылайша, батыр ұрпағы Отан алдындағы азаматтық борышын адал ұстанып келеді.

 

Ақмола облысы