Саясат • 15 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

М. Тілеуберді ауғандық әріптесіне Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

М. Атмар ризашылық білдіре отырып, ауған тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсетіп жатқан көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстаннан астықты және оның өңделген өнімдерін импорттауға мүдделі екенін хабардар етті. Ауғанстанның транзиттік-көліктік және энергетикалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ауған азаматтары үшін Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасын жалғастыруға мүдделілігін білдірілді.