«18 мамырда жеке құлшылық жасап, Құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Бұл – еліміздегі барлық мешіттің есіктері ашылады деген сөз емес. Өйткені, әрбір облыстағы карантинтік жағдай деңгейі әртүрлі. Бас санитарлық дәрігердің карантиндік режимнің кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысын ұстанудамыз. Сонымен қатар, өңірлердің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Осыған орай, облыстағы мешіттеріміздің ашылуы сол өңірлердегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Ал карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеуді өз күшінде қалдырып отырмыз» деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ ол жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлайтынын жеткізді.