Қоғам • 15 Мамыр, 2020

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд теңге бөлінеді

163 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекеттің тұрғын үймен қамтамасыз ету саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында және құрылыстың ағымдағы көлемін қолдау үшін Мемлекет басшысының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 20-588 тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд теңге бөлу туралы Үкімет ұсынысы мақұлданды. Бұл туралы ИИДМ  баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд теңге бөлінеді

Осы тапсырма шеңберінде ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ еншілес ұйымы арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың жалпы сомасы 180 млрд. теңгеге (жылдық 4%-бен, 2 жыл мерзімге дейін шарттары бойынша) облигацияларын сатып алды.

Жобаларды жедел іске асыру үшін әкімдіктерге қарыз лимиттерінің келісімісіз облигациялар шығару құқығын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізудің арнайы режимін берді («Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» а.ж. 22 сәуірдегі № 235 қаулысы).

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар «Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигацияларды шығарып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ 180 млрд. теңгегесомасына сатып алды (100%).

Пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 872 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй немесе 15 214 пәтер салу жоспарланып отыр (138 жобаны іске асыру басталды).

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 11 мамырдағы қорытынды отырысында атап өткендей, «5-10-20» несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба іске қосылады.

Азаматтардың төлемқабілеттілік сұранысын қолдау және «Шаңырақ» пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкке 210 млрд. теңге бөледі.

«Шаңырақ» пилоттық жобасының қатысушылары Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі - ЖАО-да кезекте тұрған адамдар) бола алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасын қоса алғанда, табыстың болуы;

3) ЖАО Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды растауы;

4) төлем қабілеттілігін растау.

ЖАО-да кезекте тұрған адамдардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылғанын және ҚТҚЖБ тиісті мәртебесінің болуын растауды Кезекте тұрған адамдарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы айқындауға құқылы.

«Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру кезеңі: 2020-2022 жылдар.

Кредит беру шарттары:

- қарыздың мақсаты–тұрғын үйді бастапқы нарықтансатып алу (оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы объектілерінде, ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйлері);

- номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 % ;

- кредит беру мерзімі 20 жылға дейін;

ҚТҚЖБ шотында бастапқы жарнаның болуы:

алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде;

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында айқындалған мөлшерде аралық тұрғын үй заемдары бойынша.

- кепілді қамтамасыз ету – ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін сатып алынатын тұрғын үй немесе өзге мүлік;

қарыздың ең жоғары сомасы:

жеке құрылыс салушылардың объектілері бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың қала маңы аймақтары үшін 18 млн. теңгеден артық емес, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалалары мен Қарағанды облысы үшін 15 млн. теңгеден артық емес, қалған өңірлер үшін 12 млн. теңгеден артық емес;

ЖАО кредиттік тұрғын үй бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының 5.1.2-кіші бөлімде көзделген 1 ш.м құнның шекті мөлшерімен анықталады.

ЖАО ҚТҚЖБ-ға объектіні пайдалануға берудің жоспарланған күніне дейін кемінде 3 ай бұрын іске асырылатын объект туралы ақпарат береді.

ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін ҚТҚЖБ арқылы балдық жүйе мен теңгерімсіз жүйені қолдана отырып кезекте тұрған адамдарға сату және бөлу тәртібі, шарттары «Нұрлы жер» бағдарламасына, ЖАО мен ҚТҚЖБ арасындағы келісімге және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалатын болады.

Қабылданған шаралар мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кәсіпкерлік белсенділікті және шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды қамтамасыз ете отырып, экономиканың дамуына оң әсер етеді.

Барлық қаражат қайтарымды болып табылады.

Осы тетікті енгізу 18 мыңға жуық азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.