Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады

«Отбасы әр адамның өмірінде басты рөл атқарады. Тәлім мен тәрбиені, адамгершілік пен сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен өзін-өзі құрметтеуді әуелі отбасыдан үйренеміз. Жақындарға деген махаббат пен құрмет, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық отбасында пайда болады. Отбасында халықтың рухани және мәдени дәстүрлері сақталады және ол ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Берік және бақытты отбасы – бұл біздің қоғам мен мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің кепілі», - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Сондай-ақ министр жазбасында  демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер беру, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екені айтылған.

«Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Еліміздің барлық өңірінде «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталықтары ашылады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қазірдің өзінде заң, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде «Отбасы банкі» ашылады, «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы және тағы да басқа шаралар іске қосылады. Тек отбасылық-демографиялық саясатқа тиісті назар аударғанда ғана біз өзіміздің бірегейлігімізді сақтап, басты құндылықтарымызды дамыта аламыз», - делінген жазбада.