Бүгінде 400-ге жуық бала білім алатын мектеп ғимараты 1964 жылы салынған. Биыл жөндеу жұмыстарына 21 млн теңге қаржы бөлініп, маусым-шілде айына дейін мектептің қабырғасы мен шатыры, спорт залы мен дәретханасы жөнделіп, есік, терезе, едені аустырылмақ.
Мектеп сыныптарын аралап көріп, шәкірттермен және ұстаздармен кездескен облыс әкімі білім ошағына 30 компьютер табыс етті.
Биыл аймақта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім мекемелерін компьютермен қамту бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Жыл басында білім басқармасының басшысы облыс мектептері әлі де 13,5 мың компьютерге мұқтаж екенін айтқан. Биыл бұл мақсатқа 1390,2 млн теңге бөлініп, бүгінге дейін қажет мүліктің 50 пайызы, яғни 5759 компютер сатып алынып отыр.
- Жаңа сатып алынған компьютердің барлығы техникалық талапқа сай, 2019 жылы құрастырылған қуатты компьютерлер, - деді білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Қостанай облысы