Зерттеу нәтижелері бойынша алғашқы бірінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті иеленді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – екінші, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті үшінші орында.
Рейтингке қатысу үшін республика бойынша 89 ЖОО өтінім беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген. Агенттік атап өткендей, рейтинг нәтижесі төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
білім беру сапасының халықаралық көрсеткіші ретінде институционалды және бағдарламалық аккредиттеу;
адами ресурстардың даму деңгейі;
жоғары білімді интернационалдандыру;
ғылыми зерттеулердің даму деңгейі;
жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс.
Биылғы рейтингінің ең басты ерекшелігі, Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын топтар бойынша саралау болып табылады.