Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба  аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді

Атап айтқанда, «Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Ағаш-Дмитриевка», «Шемонаиха-Усть-Таловка», «Большенарым-Күршім», «Солдатово елді мекеніне кіру жолы», «Большенарым-Күршім», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра»,   «Карағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Өскемен-Тарғын-Самарское», «Шемонаиха-Большая Речка», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқашағай» жолдары және «Осинов асуы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Еске  сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы - 8584 шақырым. Олардың 81% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.