Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-19 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өтеді, оған Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов қатысады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады

Осындай аса маңызды әрі ықпалы зор халықаралық медициналық форумда қаралатын басты мәселе — коронавирусқа қарсы күрес және осы инфекцияға қарсы вакцина әзірлеу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының қарсаңында әлемнің 140-тан астам көшбасшысы, сарапшылары мен аға буын ашық хатқа қол қойды, онда олар COVID-19 вакциналары, диагностикалық препараттары, тестілері мен емдеу тәсілдері кез-келген адамға және барлық жерде ақысыз қамтамасыз етілуіне кепілдік беруге шақырды.

Биыл 73-ші World Health Assembly конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтеді.