Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді.

Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

Мәселен, өткен жылы мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған.

 Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді. 

Айта кетейік, Неке және отбасы туралы Қазақстан заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты ғана жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа төмендете алады екен.

 

Шымкент