Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Павлодар облысы: COVID-19 Екібастұз қаласының тұрғындарынан анықталды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15.05.2020 ж. сағат 23:59-дағы мәлімет бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді.

Павлодар облысы: COVID-19 Екібастұз қаласының тұрғындарынан анықталды

Олар — 1940, 1942, 1962, 1967 және 1969 ж. т. әйел адамдар және 1943, 1966 жылғы ер адамдар. Барлығы бұған дейін коронавирус анықталған адамдармен қатынаста болған.

Олар медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделгендер. Барлығында дене қызуы көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, демігу белгілері байқалған.

Пациенттер Екібастұз қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған. Әйел адамдарға жіті бронхит, созылмалы бронхит және ӨРА диагнозы қойылды. Олардың бірі тыныс демікпесімен есепте тұрған. 1966 жылғы ер адам бронхының өткір қабынуы диагнозымен жатқызылды. 77 жастағы ер адам жүректің ишемиялық ауруымен есепке алынған.

COVID-19-ға алынған анализ бәрінің коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.

Барлығымен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалының мамандары провизорлық стационар мен тұрғылықты жерлерінде зарарсыздандыру жұмыстарынн жүргізді.

Созылмалы ауруы бар науқастарда COVID-19-дың анықталуына орай, Екібастұз қалалық басқармасы БМСК ұйымдарына диспансерлік есепте тұрған азаматтарға қатысты жұмыстың әлісіз жүргізілу фактісіне байланысты қаланың медициналық ұйымдарында тексерістер басталды. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

15 мамырдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 162 адам тіркелген.