Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Онлайн кездесуде отбасының қоғамдағы орны талқыланды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бала асырап алу және отбасындағы ананың орны туралы айтылды. 

Шығыс Қазақстан: Онлайн кездесуде отбасының қоғамдағы орны талқыланды

Халықаралық отбасы күнінде өңірімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атаулы мерекеге орай Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы «Instagram» парақшасының тікелей эфирінде «Мемлекет негізі – отбасы» атты кездесу өтті.

п

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова оқырмандарды мерекемен құттықтап, интернационалды отбасылар туралы әңгіме өрбітті. Ал тікелей эфирге сандық технологиялардың мүмкіншілігінің арқасында Греция мемлекетінен қосылған «Халықаралық бақытты отбасы институты» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Ольга Иванова отбасындағы өзара сыйластық туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Аналар кеңесінің мүшесі Карина Марянян әйел адамның қоғамдағы рөлі, бала асырап алу және отбасындағы ананың орны туралы айтты. Сұхбат арасында ақын Аян Қалымбек Қалқаман Сариннің "Жақсылық жаса" өлеңін оқыса, татар этномәдени бірлестігінің мүшелері, Сариповтар отбасы әуезді әнмен оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ӨСКЕМЕН