№7 қаулыдағы өзгерістер 17 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
-Санитарлық нормаларды сақтай отыра діни мақсаттағы нысандарға жұмысын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жасауға рұқсат беріледі. Өзен көлігі қызметіне (қыдыру теплоходтары, баржалар, катерлер т.б.) сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат беріледі. Бұның бәрінде жалпы пайдалы аумақтың 30 пайыздан көп емес аумағын толтыруға рұқсат. Келушілер арасында қашықтықты сақтау мақсатында 1,5 метрден кем емес белгіні салу, бетперделік режимді сақтау, 3 реттен кем емес рет желдету, дезинфекциялық режимді күшейту талабын сақтау керек, - делінген қаулыда.
Сонымен қатар санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен әлеуметтік қашықтықты күшейте отыра, қонақүйлер кешендері жұмысына кіріседі. Оған қоса, бір уақытта келушілердің санын 30 адамнан көбейтпей шектеу арқылы, қоғамдық тамақтану нысандарына жұмысын сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін жалғастыруға рұқсат.
-Тамақтану орындарында ұжымның бір реттік қолғаптар мен бетпердені пайдалануы, бетпердені әр 3 сағат сайын 1 рет ауыстырып отыруы, санитайзерлер орнатуы, күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізуі, жіті респираторлық инфекциясы белгілері бар қызметкерді жұмысқа жібермеуі, бөлмелерді жұмыс ауысымы біткен соң немесе әр 6 сағат сайын дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы желдетіп, ылғалды жинауы, үстелдер арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтауы қажет, - делінген қаулыда.
Әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отыра, ашық ауада жұмыс істейтін жазғы алаңы бар қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін істейді.