Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Асқар Мамин Абайдың 175 жылдығына дайындық барысымен танысты

404 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай алаңында ауқымды жөндеу жұмыстары басталған.

Шығыс Қазақстан: Асқар Мамин Абайдың 175 жылдығына дайындық барысымен танысты

Премьер-Министр Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты және Абай Құнанбайұлының алдағы мерейтойына дайындық жүріп жатқан нысандарды аралап көрді. Бұл туралы Семей ақпараттық орталығы хабарлады.

Қазір қаладағы Абай алаңында ауқымды жөндеу жұмыстары басталған. Алаңның бейнесі толығымен өзгереді. Жоба бойынша бордюрлерді жаңарту, ойшылдың құрметіне арналған ескерткішті жарықтандыру қарастырылған. Спорт және балалар алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақ, субұрқақ салынады. Мердігер «Фирма Азия» ЖШС барлық жұмыстар шілде айына дейін аяқталатынын айтады.

Абай театры Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жөндеуге былтыр қаржы бөлінген. Абайдың 175 жылдығына орай ең маңызды іс-шаралар Семей театрында өтеді.

Театрдың іші де өзгереді. Екінші қабаттың фойесі басқаша көрініп, көрермендер залы да өзгереді. Абай мерейтойына орай театр әртістері жаңартылған сахнаға шығатын болады. Қазіргі уақытта жұмысшылар жаңа жабынды орнатуда. Дайындық бөлмелерінде де, әкімшілік қанатында да жөндеу жұмыстары басталды.

Үкімет басшысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына да барды. Асқар Мамин Қарағайлы ықшамауданында жүріп жатқан жұмыстармен де танысып шықты. Ауданның жалпы көлемі - 203 га. Тұрғын үй қоры 787,7 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінгі күні шағын ауданда 25 000-нан астам адам тұрады. 720 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі салынды. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 320 орындық балабақша бой көтерді.

Қарағайлы шағын ауданында бүгінгі күні жалпы ауданы 111,965 мың ш. м. 20 үй пайдалануға берілді. 2019 жылы жалпы ауданы 95,883 мың шаршы метр 1269 пәтер болатын 18 үйдің құрылысы басталды.

Асқар Мамин шағын ауданда салынып жатқан сегіз үйдің құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, мұнда үш мектеп, алты балабақша, мұз модулінің және оңалту орталығының құрылысы қарастырылған. Премьер-министр Қарағайлы шағын ауданындағы бірегей спорт кешенінде болып, бұл қазақстандықтардың бос уақытын тиімді өткізуге қажетті нысандар екенін атап өтті. Спорт кешенінің құрылысы 2017 жылы басталды. Ауқымды мәдени-спорттық шараларды өткізу жоспарланған үлкен зал бес мың орынға есептелген.

Барлық халықаралық стандарттар бойынша салынған кешен спорттың әр түрі бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бассейн турнирлер, жүзу, аквааэробика, су добы және суға секіру, халықтың сауықтыру жүзуіне арналған. Спорт ғимаратының жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Ірі кешеннің құрылысын отандық компания "Фирма Азия"ЖШС жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 26 миллиард теңге.

Үкімет басшысы Семей қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараларға алыс және жақын шетелдерден келген қонақтар көп болатынын атап өтті.

СЕМЕЙ