Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Көкшетаудағы бәсекеге қабілетті отандық өнім

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шапса қылыш, атса оқ өтпейтін баяғының батырлары киген сауыттың заманауи үлгісін Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында шығарады. Бүгінде зауыт броно кеудешенің алты түрін шығаруға қауқарлы. Шикізат шетелден жеткізіледі. Әзірге кәсіпорын еліміздің  қарулы күштерін қамтып отыр.

Көкшетаудағы  бәсекеге қабілетті отандық өнім

Бір  ғана бронежилеттің жасалу процесінде 30-дан астам операция бар. Әскери қорғаныш киімінің ең алдымен  қағаз бетіне сызбасы жасалып, кейін тапсырысқа сай орындалады. Олар  көбіне оқ пен судан қорғайды.  Ең басты қорғаныш құралы ол броно плиталар. Олар  арнайы  құрылғыда жасалады. Кейін әр бөлігі жеке жеке дайындалып біріктіріледі. Жалпы бір тәулікте 200-ден астам бронежилет  әзірленеді дейді мамандар. 

– Бронежилеттің әртүрлі түрлері  бар. Жоғары класты әскери қорғаныш киімдерінің бағасы да қымбат. Әр бронежилетке жеке тапсырыс бойынша материал  әзірлейміз. Алдымен үлгісін жасап, тапсырыс берушімен келісеміз.  Қолданылатын материалдардың бірі кордура. Ол су мен отты өткізбейді,– инженер Саян Боташов.   

Қазақстанның арнайы күш құрылымын киіммен қамтып отырған бірден-бір зауыт сапаны бірінші кезекке қояды. Әр кеудешенің салмағы 12 келіден асады. Қолданылатын материалдың сапасы  жоғары.

Бүгінгі таңда «Тыныс» зауытында шығарылатын полиэтилен құбырлары, авиация, темір жол, мұнай салаларына қажетті қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдарға арналған бронежилеттер тапсырыс берушілер тарапынан жақсы баға алып, сұранысқа ие болып отыр. Ішкі нарықтан бөлек шетелге де экспортталады.