Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

«Қазақалтын» компаниясы маска мен антисептикті тегін таратады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Компания 1 миллион дана маска мен 20 мың дана антисептикті тегін таратпақ.  Мұндай қамқорлықтың шарапаты Ақсу кенті мен Бестөбе және Жолымбет ауылдарын да қамтымақ.

«Қазақалтын» компаниясы маска мен антисептикті тегін таратады

Бүгінде компанияда 4 мыңнан аса жұмысшы еңбек етеді. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Төтенше жағдай кезінде де, қазірде де кәсіпорында қауіпсіздік шаралары толық сақталуда.

– Бүгінде филиалымызда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша барлық шаралар қолға алынды. Барлық жұмысшылар мен қызметкерлерііз жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ғимаратқа кірер кезде антисептиктер қойылды. Күнделікті ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Дене қызуын өлшейтін термометрлер де сатып алынды. Ауысымдағы әрбір жұмысшы міндетіне кіріспес бұрын, медициналық тексеруден өтеді,–дейді «Ақсу кен орны» филиалының директоры Әділ Ордабаев.

Маскалар мен антисептиктерді тегін тарату акциясы мамырдың 18-іне дейін жалғасады.  Бұл коронавирустың алдын алу мақсатындағы қолға алынған шара. Ал, жыл соңына дейін басқа да қайырымдылық акциялар өткізу жоспарланып отыр.

 

Ақмола облысы