Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Ақмолада фронт кеңсе ашылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай аяқталғанымен дерттің таралуы бәсеңдемей тұр. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті өз ғимаратында шағын фронт кеңсесін құрып, індеттің алдын алуда.

Ақмолада фронт кеңсе ашылды

Департамент қызметкерлері күнделікті жұмыстарына кіріспес бұрын санитарлы-карантиндік бақылаудан өтеді. Дене қызулары өлшеніп, қолдары дизинфекцияланады. Маскалары бар-жоқтығы тексеріледі. Мұндай санитарлық шаралардан  келушілер де өтіп, департаментке қатысты мәселесін фронт кеңсе ішінде пысықтайды. Яғни, кеңсе ішінде орналастырылған ішкі телефон арқылы маманнан қажетті кеңес беріледі.

– 11 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетілгенмен, біз өз қызметкерлерімізбен ерекше жағдайда жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Өздеріңіз жаңа көргендеріңіздей, шағын фронт кеңседе қызметкерлер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұның барлығы олардың арасында тікелей байланысты қысқарту үшін жасалып отыр. Себебі, біздің қызметкерлеріміз сотталғандармен де жұмыс істейді ғой. Сондықтан, індетті жұқтыру қауіп-қатерінің алдын алу өте маңызды,–дейді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Айдарбеков.     

Бұл ретте, күні бүгінге дейін облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамент қызметкерлері мен жабық мекемелердегі сотталғандар арасында коронавирус індетін жұқтырғандар тіркелмеген.