Азаматтардың қолжетімді баспана алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет бірқатар жүйелі шараларды қабылдайды.
Сарапшы-экономист Жарас Ахметов әлеуметтік қолдау ретінде «5-10-20» бағдарламасы енгізілгенін, бұл шара тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескенін айтады. «Осы бағдарлама аясында 390 млрд теңге бөлу жоспарланған. Екіншіден, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» платформасында тұрғын үйді бөлу процестерін жүйелеу мақсатында азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысты күшейтетін жаңа мекеме - «Отбасы банкі» құрылады. Үшіншіден, тұрғындардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану тетіктерін әзірлеу жоспарлануда» дейді Жарас Ахметов.
Бұл тұрғыда сарапшы зейнетақы жүйесін салымшылардың қаражатты пайдаланудың сингапурлық тәжірибесіне назар аудару қажеттігін айтады. «Сингапурлық зейнетақы жүйесінің басты құрылтайшысы Орталық Жинақтаушы Қор – халықтың зейнетақыға, тұрғын үйге және медициналық қызметке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы модельге сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер ай сайын қызметкердің зейнетақы шотына бірлескен жарналар енгізеді. Кейіннен жинақталған қаражатты тұрғын үй сатып алуға, оқу ақысын төлеуге, медициналық шығындарды жабуға және басқа мақсаттарға пайдалануға болады» дейді сарапшы.
Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ұқсас әдісін Қазақстанда да бейімдеуге болады. Айта кету керек, бүгінгі таңда 10,69 миллион азамат Қазақстанның зейнетақы жүйесіне инвесторлар болып табылады. «Қазақстанның зейнетақы жинақтары 11 трлн теңгеден асады. Халықтың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тетіктерін енгізу қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді» дейді Ж. Ахметов.
Сарапшы осы ретте қазақстандықтардың жинақтарын басқаруға рұқсат беру азаматтардың бейресми сектордан кетуіне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуіне қосымша ынталандыруға мүмкіндік беретінін айтады. «Осы басымдықтарға қол жеткізу үшін Қазақстан үкіметі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланудың нақты тетіктерін әзірлеуі керек» дейді Жарас Ахметов.