Коронавирус • 18 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Италияда барлар мен шаштараздар қайта ашыла бастады

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

14 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 713 769, өлім саны - 315 187, айыққандар саны - 1 733 963 адам болды (жаңартылған уақыты 10:18).

16:12

Италияда барлар мен шаштараздар қайта ашыла бастады

Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын жеңілдете бастады. Бүгіннен бастап Италияда барлар мен шаштараздар қайта ашыла бастады.

Ұлыбритания, Испания мен Италия коронавирустан өлім саны бойынша демалыс күндері наурыз айынан бергі ең төмен көрсеткішті тіркелді.

Испанияда Мадрид пен Барселона қалаларының тұрғындарынан басқалары он адамдық топтармен кездесуге рұқсат алды.

Белгия барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып мектептерді қайта ашу туралы шешім қабылдады.

Португалия, Грекия, Дания және Ирландия елдері де қатаң шараларды бәсеңдетіп жатыр. 

е


10:44

Үндістан карантинді тағы 2 аптаға ұзартты

Екі айға созылған карантин Үндістанда тағы 2 аптаға ұзартылды. Елдің Мумбаи, Нью-Дели, Ченнаи және басқа да аймақтарында вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр.

Үндістандық БАҚ мамыр айының соңына дейін әуе рейстері, темір жол тасымалы мен метро жабық болатынын айтты. Мектептер, қонақ үйлер, мейрамханалар, барлар, сауда орталықтары, кинотеатрлар мен ғибадат ету орындары да жабық болады.

а


9:55

Дүниежүзінде 4 713 769 адам коронавирус жұқтырды.

315 187 адам қайтыс болды.

1 733 963 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 486 757 жағдай тіркелді, 272 265 адам сауығып шықты, 89 562 адам қайтыс болды.

Ресейде 281 752 жағдай тіркелді, 67 373 адам сауығып шықты, 2 631 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 244 995 жағдай тіркелді, 1 058 адам сауығып шықты, 34 716 адам қайтыс болды.

Бразилияда 241 080 жағдай тіркелді, 94 122 адам сауығып шықты, 16 118 адам қайтыс болды.

Испанияда 230 698 жағдай тіркелді, 146 446 адам сауығып шықты, 27 563 адам қайтыс болды.

Италияда 225 435 жағдай тіркелді, 125 176 адам сауығып шықты, 31 908 адам қайтыс болды.

вы