«Акция аясында бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай онлайн дәріс өтеді. «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбындағы парасат сағатына Қостанай облысының 9-11 сынып оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысады» - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депатраментінің баспасөз қызметі.
Онлайн дәріс бүгін сағат 15.00-де «EL ARNA» және «Balapan» арналарында, сондай-ақ сағат 11.00-де «Youtube» арнасы мен Агенттіктің және оның облыстық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілері арқылы екі тілде таратылады.
Қостанай облысы